21.10.2016
«Шығыстардың жалпы сомасы 8 миллион теңгеден аспайды. Оның ішінде 5 миллион теңге – бірінші орын үшін сыйлық. Финалға қатысқандар 200 мың теңгеден алады. Ұйымдастырушылық жұмыстарға қаражат көп жұмсалмайды. Барлық шығыстарды байқауды ұйымдастырушы ретінде «Қазконтент» АҚ өтейді», - деп мәлімдеді министр.
Қазіргі уақытта байқаудың 1-кезеңі – интернет-пайдаланушылардың дауыс беруі басталды. Барлық келіп түскен жұмыстар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында орналастырылған, мұнда ниет білдірген әрбір азамат SMS-хабарлама жіберу арқылы ұнаған жұмысына дауыс бере алады. Интернет-пайдаланушылардың дауыс беруі күнтізбелік 15 күн ішінде өтеді.
Еске сала кетейік, байқау ағымдағы жылғы 31 тамызда басталған еді. Оған азаматтығын қоса алғанда, қандай да бір шектеулерсіз барлық ниет білдіргендер қатысты. Байқауға өтінімдерді жинау ағымдағы жылғы 15 қазанда өткен. Осы уақыт ішінде 965 өтінімге қол қойылған.