20.10.2016
Оның айтуынша, аталмыш мәселеге қатысты келіссөздерді ҰКП үш-төрт ай бойы жүргізіп келеді. Палата Мемлекеттік кірістер комитеті, прокуратура органдары мен сот органдарының баптарына өзгертулер енгізуге көндірді.
«4 қарашада Парламентте дөңгелек үстел өтеді, шарада нақты шешімдер қабылданбақ. Сондай-ақ, саяси шешім қабылданған соң депутаттық бастама болады. Біз соған үміттіміз», - деді Р.Жүрсінов.
Р.Жүрсіновтың айтуынша, ҚР ҚК 225 бабын қайта қарау қажеттілігі жалған кәсіпкерлікке қатысты контрагенттерді қорғаумен байланысты.
«Жалған кәсіпкерлікті зерттеу аясында қылмыстық зерттеуге контрагенттердің көп бөлігі тартылады, олар тек келісім қатынасына ие болуы мүмкін. Оларға қосымша салық төлемі қосылады. Қорытындысында, жалған кәсіпкерлік институт ретінде тұрақты болып, қоғам арасында талқылауға душар болып жатыр», - деді ол.
ҰКП «Атамекен» төрағасының орынбасары айтып өткендей, 215 бапты қайта қарап, екі құрамда қалыптастырған жөн.
«Біз 215 бапты қайта қарап, екі құрамда қалыптастырғанды жөн санаймыз. Біріншісі, заңды тұлғаның жалған тұлға ретіндегі заңсыз ұйымдастырылуы, екіншісі жалған құжат дайындау. Одан әрі жалған пирамидаларды контрагенттер өздері әшкерелейді», - деді Р.Жүрсінов.