20.10.2016
«Маңғыстау көлік прокуратурасы көлік өңіріндегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша белгілі жұмыс жүргізді. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Прокуратура 216 заң бұзушылық анықтады, 83 қадағалау актісін енгізді, 778 адамның конституциялық ққықтары қорғалды, 181 адам жауапкершілік түрлеріне тартылды», - делінген хабарламада.
Осылайша, кеден саласындағы тексеру нәтижелері бойынша 643 млн. теңге сомасында мемлекетке келтірілген шығын өндіріп алынды.
Прокуратура жолаушылардың құқықтарын қорғау саласында санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін жолаушылар вагондарын ауыз сумен жабдықтаумен немесе вентиляция және ауа баптау жүйесінің жарамсыздығымен, вагондардың ыстық сумен қамтамасыз етілмеуімен байланысты бұзушылықтар анықталды.
Ведомство хабарлағандай, тексеру нәтижелері бойынша жауапкершілік түрлеріне 42 адам тартылған.
«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша заңның көрсетілген бұзушылықтары жойылған, ал оларға жол берген полиция қызметкерлері жауапқа тартылған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы прокуратураның ұйғарымы бойынша қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін 12 локомотивті пайдалану тоқтатылған. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Индира Қауметова