• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Азаматтарға арналған үкімет  мемқызметтің   жаңа 53 түрін  көрсетуді жоспарлауда 19.10.2016

«Бүгін бізде мемқызметті алудың  3 арнасы бар: «Электрондық үкімет» порталы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы; мемлекеттік қызмет көрсету туралы бірыңғай байланыс орталығы. 2016 жылдың 9 айында  30 млн электрондық қызмет көрсетілді, 17,4 мың электрондық рұқсат берілді, 433,5 мың рұқсат беру құжаттары беріліп, 800 мың адам тіркелді», - деді Д.Абаев.

Министр айтып өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен  4 мемлекеттік кәсіпорынды біріктіру арқылы, ХҚКО, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы, жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы біріктіріліп «Азаматтарға арналған үкімет» құрылды.

«Биылғы жылдың  1 қазанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік корпорация  29 млн қызмет көрсетті. Бүгінде мемлекеттік қызмет реестрінде  739 мемқызмет түрі бар, оның 530-ын электронды үкімет арқылы жүзеге асыруға болады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 1414 бірыңғай нөмірі енгізілді. Кез келген адам хабарласып, консультация ала алады», - деді ведомство басшысы.

Министр жемқорлық қауіптері туралы  да айтып өтті. Мәселен, Петропавлдағы Мемкорпорация қызметкерінің жемқорлық бойынша ұсталғанын айттты.

«Меніңше, аталмыш фактілер барлығымызға қатысты. Сондықтан болашақта аталмыш фактінің қайталанбауына шаралар дайындауды тапсырамын. Барлығы ұжымдық жауапкершілікке тартылады. Министрліктің мемқызметті дамыту департаменті Мемкорпорациямен бірігіп   2016 жылдың соңына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті  электрондық түрде  көрсету 60 пайыздан кем болмауы керек, қызметтерді тағы  53 түрмен толықтыруды   тапсырамын», - деді Д.Абаев.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list