• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мемлекеттік БАҚ көрермендер мен оқырмандар таңдауының рейтингіне кіруі тиіс – Абаев 19.10.2016

«Қазіргі уақытта Министрлік мемлекеттік ақпараттық саясаттың жаңа тәсілдерін іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Контент қалыптастырудың екі негізгі параметрін қамтитын Ақпараттық жұмыс стратегиясы әзірленген: қазақстандық қоғамның рухани бірігуін нығайтуға және отбасы табынушылығын, білімді, патриоттылықты және «Мәңгілік ел» патриоттық актінде айтылатын өзге де құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған «Құндылықтар картасы»; азаматтарды салалық бағдарламалар туралы ақпараттандыруға және ең алдымен Ұлт жоспарын түсіндіруге бағытталған «Мемлекеттік PR – стратегия», - деді Д. Абаев.

Министр 2017 жылдан бастап Бірыңғай республикалық және 2016 жылдан бастап өңірлік медиа-жоспарларға көшу жоспарланғанын хабарлады. Оның айтуы бойынша, бүгінгі таңда ақпараттық өріс 58 медиа-жоспар бойынша жұмыс істейді.

«Оларды іске асыру алгоритмі орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ақпараттық жұмыс қағидаларында бекітіледі. Министрлік саланы дамыту мақсатында мемлекеттік БАҚ өзгерту бойынша жұмысты жүзеге асыруда. Біз оның жүйелі процесс екенін түсінуіміз қажет. Біз болашақта мемлекеттік БАҚ көрермендер мен оқырмандар таңдауының рейтингінде анағұрлым жоғары орынға шығатынына сенімдіміз, бұл негізгі міндет», - деп атап өтті Д. Абаев.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list