19.10.2016
«Біздің халқымыз тарихымыздың ширек ғасырын бастан кешіре отырып, тұрақты дамуымен және жетістіктерімен мақтана алады. Қазақстандықтар тәуелсіздік жылдарында Президентіміздің басшылығымен, бірлік пен еңбектің арқасында үлкен сыннан өтті», - деді министр.
Тәуелсіздік алғаннан бері ақпарат, ақпараттандыру және байланыс салаларының инфрақұрылымы толықтай жаңадан құрылған.
«90-шы жылдардың басынан бастап Қазақстанда телекоммуникация желілерінде 12,5 мың шм астам талшықты-оптикалық кабельдік магистраль салынған. 1999 жылы қалааралық және халықаралық байланыс желісі 100% сандық желіге айналды. Дүниежүзілік экономикалық форум деректері бойынша Қазақстан «желілік дайындық» индексі бойынша - 39 жолда, «Интернет пайдаланушылардың тығыздығы» бойынша - 41 жолда, АКТ саласындағы заңнаманы дамыту деңгейі бойынша 38-орынды алады. Елімізде ХҚКО құру идеясы алғаш рет 11 жыл бұрын ұсынылған болатын. Бүгінгі таңда олар «бір терезе» қағидаты бойынша 29 млн астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Қазақстан БҰҰ рейтингінде «Электрондық үкімет» индексі бойынша әлем бойынша 33-орынды алады», - деді Д. Абаев.
Министр 3 мыңнан астам қолданыстағы БАҚ қатысқан толық жұмыс істейтін және бәсекелі медиа-сала құрылғанын атап өтті.
Ботагөз Айтжанова