19.10.2016
Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің қазіргі заман талабына сай болуының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісінің өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды.
«Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
М.Жұрынов бірлестіктің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты.
«Біздің академия – барлық беделді ғылыми бірлестіктердің мүшесі», – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті.
Соңында Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.