• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астана  халықаралық әуежайының өткізу қабілеті жылына 7,7 млн жолаушыға дейін артады 15.10.2016

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан нысан елорданың әуе айлағының өткізу қабілетін жылына 3 млн-нан 7,7 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл әсіресе ЭКСПО-2017 қарсаңында өзекті.

Құрылыс кестеге сай жүріп жатыр, әуежайдың жаңа терминалының қаңқасы тұрғызылды, шатыр жұмыстары аяқталды, қасбетті, инженерлік коммуникацияларды монтаждау, ғимаратты ішкі әрлеу, перронды құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нысан жаңа технологиялармен жабдықталған, бұл қызмет көрсетуді айтарлықтай жақсартып, авиациялық қауіпсіздікті арттырады.

Аталған нысан құрылысын 2017 жылдың бірінші тоқсанының соңында аяқтау жоспарланған.


Back to the list