14.10.2016
Кездесу барысында Ә. Исекешев Мемлекет басшысына ағымдағы жылғы 9 ай ішінде астананың әлеуметтік-экономикалық саладағы даму қорытындылары, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауға және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.
Атап айтқанда, қала әкімі Қазақстан Президентіне әлеуметтік маңызды объектілер мен басқа да ғимараттардың құрылысы мен оларды пайдалануға беруге дайындық кезеңдері туралы ақпарат берді.
Нұрсұлтан Назарбаев негізгі объектілерді пайдалануға берудің белгіленген мерзімін сақтау қажеттілігін, сондай-ақ құрылыс сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындылары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.