14.10.2016
«Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлар мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені төмендетуді болжайды. Негізінен барлық бағдарламалар МЖӘ (мемлекеттік-жеке меншік әріптестік) және БАҚ (ақпараттандырудың сервистік моделі) схемалары бойынша іске асырылады. Осы екі құрал уақтылы пайда болды және олар іске қосылып, өз жемісін әкеледі деп сенеміз. Біз көрсетілетін қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болатынын және осы көрсетілетін қызметтерді қалай жақсартуға болатынын талқылау үшін мемлекеттік органдарды, бизнесті, азаматтық қоғамды тарттық», - деді Ә. Ерғалиев «Цифрлық экономика дәуіріндегі үкіметтің өзгеруі» дөңгелек үстелінен тыс.
Ол бұл жерде композиттік қызметтер туралы сөз болып отырғанын атап өтті.
«Яғни сіз келіп, анықтама алған моноқызметтер емес, проактивті болатын композиттік қызметтер. Мысалы, сізде бала туса, оның қандай балабақшаға баратыны, кезекке қойылуы, қандай мектепке баратыны және өмірлік жағдайлар шеңберіндегі барлық қалған қосымша қызметтер тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде анықталады», - деп түсіндірді Ә. Ерғалиев.
Сарапшының айтуы бойынша, автоматтандыру арқылы қағазбастылық азаяды, ал процеске тартылған мамандар мамандығын ауыстырады.
Ботагөз Айтжанова