• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Биылғы жылдың  9 айында электрондық түрде табыс етілген салық есебінің  үлесі 95%-ды  құрады 12.10.2016

«Осы жылдың үш тоқсанында мемлекеттік кірістер органдары 87% астам қызметтерді электрондық түрде көрсетті. Ағымдағы жылдың 9 айында электрондық түрде табыс етілген салық есептіліктерінің үлесі 94,7% құрады. Бұрын банктер арқылы төленген салықтар мен төлемдер туралы ақпараттар мемлекеттік кірістер органдарына төлемді жүзеге асырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде түсетін. Алайда, қазір екінші деңгейлі банктермен онлайн өзара іс-қимыл жасау әрекет етуде, осыдан кейін төлемдер туралы ақпараттарды беру мерзімі бірнеше минутқа дейін қысқартылады», -  деді Е.Біржанов.

Өткен жылдың ортасынан бастап көтерме және бөлшек сауданы, сондай-ақ бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілердің негізгі бөлігі, онлайн режимде мәліметтерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау кассалық машинасын пайдалануға кезең-кезеңімен көшірілуде.

«Электрондық нышан және онлайн режимге ауыстырылған қызмет көрсетулердің саны артты. Бүгінгі күні азаматтар электрондық түрде 25 салықтық қызмет көрсетулерге және  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 24 баламалы негізде қызмет көрсетуге қол жеткізді» - деп Е.Біржанов атап өтті.

Индира Кауметова


Back to the list