12.10.2016
«Жыл басынан бастап аумақтық департаменттер денсаулық сақтау нысандары , өнеркәсіп, оның ішінде мұнайгаз саласы, білім беру, сауда, жылу-, су- және электрмен қамтамасыз ету, әуе және теміржол көлігі, ЖЖМ нысандарына 915 тексеру өткізді, олар бойынша 101,4 млн. астам теңгеге әкімшілік жаза қолданылды, 11 мыңнан астам қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салынды», - деді ол.
«Сонымен бірге орамада көрсетілген тауардың орамасындағы санын көрсететін шаманың сәйкессіздігі анықталған кезде, аумақтық департаменттер келесі шараларды қабылдады: 9,9 млн. астам теңге сомасына өлшеп оралған тауарлардың 92 топтамасын өткізуге тыйым салынды»,- деді ОКҚ баспасөз-конференция барысында Шынар Қазыбаева.
Азаматтардың шағымдары мен құқық қорғау органдарының өтініштері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген 146 жоспардан тексерудің ішінен 93 жағдайда (64 %) өтініштерде көрсетілген фактілер өз растауын тапты.
Аккредиттеу субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерістер нәтижелері бойынша 5000-нан астам сертификаттардың заңсыз берілу жағдайлары белгіленгенді. Кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды және аккредиттеу аттестаттарының қызметін және сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын тоқтату түрінде және шектеу сипатындағы шаралар қолданылды.