12.10.2016
«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Еркін Жусанбаев «компанияда жол қозғалысы қауіпсіздігімен барлық еңбеккерлер айналысуы тиіс. Жол шебері, вагон қараушы, элетромеханиктер, машинистерден бастап, өндірістік цех басшылары, компания филиалдары мен басшылық құрамы түгел қамтылуы қажет» екендігіне назар аударды.Осыған байланысты «қауіпсіздіктің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру, ашықтық пен жариялылық дер кезінде «қиындықты тұстарды» анықтап, оны жедел жоюға мүмкіндік әпереді»,-дейді Е. Жусанбаев.
Жоба қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік, экологиялық және өрт қауіпсіздігін де қамтиды. Жобаны жүзеге асыру барысында оны басқарудың, басқаруды оңайлату, есеп берудің тиімді жүйесі, тәуекелдікті төмендетудің бірыңғай жүйесі жасалды. Қауіпсіздікті басқаруды тиімді сараптау үшін, басқарудың жоспарлау әдістемесі, оқыс оқиғаны тергеу тәсілі, оны жоюға кеткен шығынды есептеу жүйелері түзілді.
Еңбеккерлерді оқыту барысында аудиттік тексеру, жобаға барлық деңгейдегі басшыларды белсенді тарту көзделеді. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыруға автоматтандыру жүйесін өндіріске енгізудің маңызы зор. Барлық еңбеккерлер қауіпсіздіктің барлық оқыс оқиғаларды тіркеу үдерісіне қатыстырылады. Сол арқылы жобаға барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілікпен қарап қатысуы сауаттылықпен жүктеледі. Жобаны жүзеге асыру «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаровқа жүктелсе, оны орындау жобасының жетекшісі болып Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Айдос Айшықов бекітілді.
Барлық құрылымдық бөлімшелер мен еншілес кәсіпорындардың басшыларына жобаға белсенді қатысу мен оған кіріскен командаға жан- жақты көмек беру міндеттелді.