• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан 2017 жылдың  1-ші қаңтарынан бастап 48 елге визасыз тәртіп енгізеді 11.10.2016

Сондай-ақ, Ресей, Түркия, Италия, Германия, Нидерланд, АҚШ және Ұлыбританиядан келетін қонақтар саны артып отыр.

Сонымен қатар, ішкі туризм бойынша өсім байқалады. Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда биылғы жарты жылдықта өсім 6% құрады. Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма бұрынғысынша халық көп баратын негізгі бағыт ретінде қалып отыр.

Қонақ үйлердің де саны көбейді қазір. Осыдан он жыл бұрын Қазақстанда барлығы 871 қонақ үй болса, бүгін олардың саны 2441-ге жетті.

Қонақ үйлердің көрсеткен қызметі 2015 жылы 73 млрд. теңгені құраған. (Бес жыл бұрын 47 млрд. болған).

ЭКСПО көрмесіне дайындық аясында еліміздің көрнекті жерлерін қамтитын туристік бағыттар тізімі бекітілді (барлығы 73) және көліктік инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Сыртқы туризмді реттеу бойынша да белсенді жұмыстар қоса атқарылады. Министрлік Түркиядан, Грузиядан туристерді шығару жұмыстарын жедел қамтамасыз етеді (төтенше жағдайда).

Жүйелік шара ретінде мұндай жағдайларды шешу үшін жеке ұйым қоры жолдарымен ҚР азаматтарының құқықтық кепілдеме жүйесі енгізіледі. Ол жүйе туроператорлар міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда туристерді шығарып алумен айналысатын болады. 

 


Back to the list