10.10.2016
Д.Назарбаева Франция Қазақстанның Еуропалық Одақтағы саяси және экономикалық негізгі әріптес болып табылатынын атап өтті. Жүздесушілер екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне де тоқталды.
Гуманитарлық ынтымақтастық, атап айтқанда, университеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің келешегі талқыланды. Қазақстан мен Франциядағы дінтану пәнін оқытуға қатысты тақырыптар да қозғалды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды. Халықаралық терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы пікір алмасылды.