10.10.2016
Н.Назарбаев сегіз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдай отырып, қарашада Токиоға баратынын мәлімдеді.
«Қазақстан мен Жапонияның достастығы үлкен мағынаға ие. Қазақстанға премьер-министр Сидзо Абэнің алғашқы сапары танымал оқиғаға айналды. Менің қарашада Токиоға жасайтын сапарым біздің өзара түсінушілігімізді жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», - деді Қазақстан Президенті.
Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата Н.Назарбаевқа достық қарым-қатынас үшін алғыс білдіріп, болашақта мемлекетаралық байланыстың нығаюына бар күшін салатынын жеткізді.
Итиро Кавабата осыған дейін АҚШ және РФ елшіліктерінде аға хатшы қызметін атқарды, Еуропа мен Океания істері бойынша жұмыс істеді. ҚР-дағы елші қызметіне 2016 жылдың сәуірінде тағайындалды.