06.10.2016
«Үш жарым ай бұрын біз «Атамекен» ҰКП бірігіп кәсіпкерлер форумын өткізіп, елде тиімді бизнес ахуалды құру бойынша жол картасын әзірледік. Бүгін сол кезеңнің жетістіктерін айтып отырмыз», - деді Ж.Асанов.
Оның айтуынша, төрт айға толмас уақыт ішінде кәсіпкерлерді тексеру саны азайды, үш есеге кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істер қысқарды, төрт есеге сотқа дейінгі істің Бірыңғай реестрге тіркелмей тұрған істер құзыретті органдарға тапсырылды.
Сондай-ақ, арнайы формулярдың іске қосылғанын айтып өту қажет, ол «Нұр Отан», Бас прокуратура, «Атамекен» ҰКП сайттарында бар.