06.10.2016
«Тәуекелдерді басқару жүйесі реттелмеген, қандай кәсіпорынды және қашан тексеру керектігі туралы нақты талдама жоқ. Оған қоса, мемлекеттік органдар өздерінің тексеру парақтарында бизнеске қойылатын көптеген, ескірген талаптарды негізге алған. Кейбіреулері ақылға сыйымсыз және ешқандай логикаға бағынбайды», — деп мәлімдеді М. Ахметжанов.
Мысалы, қоғамдық тамақтануға арналған санитариялық қағидалар суық тағам дайындауға арналған үй-жайлардың тек солтүстік-батыс жақта ғана орналасуын талап етеді. Сондай-ақ, бас прокурордың орынбасары торттарды кесіп немесе бөлікпен сатуға тыйым салуды жөнсіз деп атады.
«Қандай нормалардың бизнеске кедергі жасайтынын анықтау үшін, бас прокуратураның, «Атамекен» ҰКП және «Нұр Отан» партиясының сайттарында арнайы формуляр орналастырылды, алайда, бүгінгі күні не бары 15 өтініш қана келіп түскен. Бұл бизнестің бізге деген сенімінің әлі жоқ екенін көрсетеді. Әкімшілік кедергілер, жөнсіз нормалар барда, кәсіпкер кінәлі болады, ал билік өкілінің айтқаны дұрыс болады, себебі заң оның жағында болады», — деп атап өтті бас прокурордың орынбасары.
Спикер Бас прокуратура әрбір тексеру парағын тексеруді жалғастырып келе жатқанын қосты.