03.10.2016
Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, теміржол көлігінде жолаушының электронды жол жүру құжаты бойынша пойызға отырғанын және жол жүргенін куәландыратын құжат - отырғызу талоны жаңа ұғымы енгізілді. Отырғызу талоны жолсерігімен жолаушыға пойызға отырғызу кезінде немесе жол жүру кезінде жолаушымен электронды жол жүру билетін көрсеткен кезде жолсерігінің мобильды терминалы арқылы беріледі.
Кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы, пойызға отырғызу кезінде кәмелеттік жасқа толмаған баланы пойызда алып жүру құқығын беретін баланың заңды өкілімен берілген нотариалды мақұлданған құжатты (сенімхат) көрсетеді.
Бұл ретте, жолаушылар пойызына отырғызу кезінде баланың заңды өкілі бар болған жағдайда кәмелеттік жасқа толмаған баланы пойызда алып жүру құқығын беретін баланың заңды өкілімен берілген нотариалды мақұлданған құжат (сенімхат) қажет етілмейді.
«Жолаушыларға міндетті түрде көрсетілетін қызметтердің тізіміне купе ішінде ұялы телефондарды қуаттандыру кіреді.Бұл ретте, бұл вагонның зауыттық құрылмасында көрсетілу керек және жолаушымен алынған орынның орналастырылуында электрлік схемасымен көзделген қажетті тоқ қуаты деңгейі болу керек», - делінген хабарламада.
Теміржол көлігі жұмысшыларымен тасымалдау шарттарын бұзу кезінде, жолаушының пойыз бригадалары жұмысына байланысты шұғыл шараларды қабылдау үшін шағым түсіру немесе пікір білдіру мүмкіндігі бар.