• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
АШМ мемлекеттік дотацияларды беру үрдісін автоматтандырады 10.02.2015

«Меморандум шеңберінде тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді нығайту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде өзара келісті. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау механизмі әзірленіп енгізілуде, мемлекеттік қызмет реестріне субсидияларды қосу қарастырылып отыр. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржылық институттарына түсетін несиелік өтінімдерді рәсімдеу және мемлекеттік дотацияларды беру үрдісін автоматтау жоспарлануда. Жеке және коммуналды базарлар қызметінде әкімшілік тосқауылдарды шектеу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Министрлік 2015-2025 жылдарға арналған ҚР жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ішкі жоспар бекітілді.

АШМ-де хабарлағандай, ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп өткізген аудиттің қорытындысы бойынша ең кең таралған бұзушылық қатарына жергілікті атқарушы органдарымен әкімшілік ететін бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығы субсидияларын негізсіз беру және бермеу фактілері орын алған.

Министрлікпен 2013-2014 жылдары ҚР АШМ-нің орталық және бағынысты ұйымдардың қызметкерлерімен жасалынған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа талдау жүргізілді. Қабылданған шаралардың арқасында 2014 жылы (17 адам)  қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің саны 2013 (31 адам) жылмен салыстырғанда 45%-ға төмендеген.

Камила Амирова 


Back to the list