08.02.2015
Сонымен қатар, азаматтарды құқықтық ақпараттандыруға «Әділет» ақпараттық-құқықтық веб-жүйесі мен Құқықтық ақпараттық қызметі ықпал етуде.
«Зияткерлік меншік бағыты бойынша 2014 жылдың қорытындысы авторлық құқықтарды тіркеудің өскенін көрсетті, ЭЕМ арналған бағдарламаларды тіркеу 35% өсті, әдебиеттік шығармаларға құқықты тіркеу саны 18% артты, ғылыми және оқу әдебиеттерін тіркеу 32%, ғылыми шығармаларға (зерттеу, теориялық қорытулар нәтижесіндегі монографиялар, ғылыми еңбектер) авторлық құқықты тіркеу 25% өсті», - делінген хабарламада.
Соңғы үш жылда патенттер беруге өтінімдер саны артты. Егер 2011-2012 жылдары бұл көрсеткіш жылға 1600 өтінімнен аспаса, енді 2013 жылдан бастап оның деңгейі жылына кемінде 2000 өтінімді құрады.
Ерекше назар атқарушылық өндіріс органдары қызметінің тиімділігін, олардың ролін, мәртебесін арттыруға және жеке сот орындаушы институтын жетілдіруге бөлінді.