• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы ҚР Ұлттық банктің халықаралық резервтері  17 пайызға өсті 05.02.2015

«Ұлттық қордың активтері 2014 жылы 3,9%-ға ұлғайып, алдын ала деректер бойынша 73,6 млрд АҚШ долларын құрады.2014 жылы Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері 7,3%-ға 102,5 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды», - деп хабарлады Ұлттық банк.

Ақша базасы 2014 жылы 20,8%-ға кеңейіп, 3 413,6 млрд теңгені құрады. Ақша базасының кеңеюіне негізінен таза халықаралық резервтердің ұлғаюы ықпал етті.

2014 жылы ақша массасы банк жүйесінің сыртқы, сол сияқты ішкі активтерінің өсуі есебінен 10,5%-ға 12 816,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Ақша мультипликаторы 2014 жылы тіркелген ақша базасының кеңею қарқынының ақша массасының өсу қарқынымен салыстырғанда асып кетуі салдарынан 2013 жылғы желтоқсандағы 4,10-нан 2014 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша 3,75-ке дейін төмендеді.

 

 


Back to the list