02.02.2015
Ұлттық компания хабарлағандай, отырыста «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Трансформация бағдаламасының іске асырылуын бақылайтын Комитет құру туралы шешім қабылданды. «Комитетке Директорлар кеңесінің үш мүшесі кіреді, оның төрағасы болып «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімов тағайындалды», - делінген хабарламада.
Жаңа комитет Қор компаниялар тобындағы Трансформация бағдарламасының іске асырылуына тәуелсіз сараптамалық баға беретін болады. Жарты жылда бір рет «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесіне өз ұсыныстарын енгізеді. Талдау нәтижесі жыл аяғында Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын болады.
Директорлар кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2015-2019 жылдардағы даму жоспарын бекітті.
«Даму жоспары, «Самрық-Қазына» компаниялар тобының қызметтерін, тауарларға баға мен тарифтерді есепке алады, Қазақстанның 2015-2019 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарына негізделіп жасалды. Даму жоспарын жасау кезінде Brent маркалы мұнайдың нақтыланған бағасы да ескерілген», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Қаржы директоры Нұрлан Рахметов.
Сондай-ақ, отырыста Қор қызметінің өзге мәселелері де қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.