• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б.Камалиев «Қазақстан темір жолы»ҰК»АҚ вице-президенті болып тағайындалды 30.01.2015

Аталып өткендей, ол 1982 жылы Қарағанды политехникалық институтын өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша тәмәмдады. Ал, 1996 жылы – Қарағанды мемлекеттік университетін маркетинг және коммерция, сондай-ақ  2005 жылы  – Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресейлік мемлекеттік қызмет академиясын менеджер мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1985 жылы Қарағанды облыстық комбинатының басты құрылыс секторының  меңгерушісі қызметінен бастаған.

2001 мен 2006 жылдарда – Қарағанды облыстық автомобил жолдары басқармасының бастығы, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР ККМ көлік пен инфрақұрылымды дамыту комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2006 мен 2010 жылдарда -  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «Сары-Арқа»ӘКК»ҰК»АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

2010 мен 2014 жылдарда – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерінде болды.

2014 жылдың мамыр айынан бастап  – «ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ Басқарма төрағасы.


Back to the list