30.01.2015
«Саланың институционалды қайта құрылуының мақсаты еліміз бойынша ҚР Президенті жанынан Ұлттық әдебиет және өнер кеңесін және МСМ жанынан сала бойынша көркемөнер кеңесін құру», - деп мәлімдеді министр.
А. Мұхамедиұлының айтуынша, Ұлттық кеңес Қазақстанның мәдениет саясатын жүргізуде басты келісу-кеңес беру органынан айналады.
«Ұлттық кеңестің құрамына депутаттар, Үкімет мүшелері, мәдениет пен өнер қайраткерлері, шығармашылық одақтардың жетекшілері, бизнес ортасының өкілдері және т.б. мүдделі азаматтар кіреді», - деп толықтыры министр.
Сонымен, Тұжырымдамаға сәйкес, үйлестіру, кеңес беру және келісу міндеттері ҚР Президенті жанындағы Ұлттық әдебиет және өнер кеңесіне міндеттеледі.
Индира Кауметова