• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ХҚКО-ларда Жоғарғы Соттың «Жеке кабинеті» жұмыс істейді 21.01.2015

Аталмыш орындарда азаматтар кезекте тұрмай-ақ сотқа өтініш бере алады. Олар Жоғарғы соттың интернет-ресурсы «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі арқылы кез келген шағым, ұсыныс-пікірлерін тікелей жібере алады.

Қызметке келетіндердің көпшілігі қазақстандық азаматтар деп болжанып отыр. Оның ішінде интернетке шыға алмайтын, электронды түрде құжат немесе өтініш жіберуге мүмкіндігі жетпейтін адамдар бар.

Жоғарғы Сот хабарлағандай, ХҚКО-ға жүгінген жағдайда халық электронды сандық қолға ие болады. Өз кезегінде, ХҚКО-ларының жауапты хатшылары халыққа кеңес пен тәжірибелік көмек көрсетеді.

ХҚКО-ларда аталмыш орындардың ашылуы сот құжаттарының механизмін жеңілдетіп, уақытты үнемдейді. Қағазбастылықтан алшақтатып, « Жеке кабинет» арқылы ақпаратқа қол жеткізуді тиімділете түседі.


Back to the list