• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР ИДМ ЕАЭО елдерінен көлік тасымалдау жағдайын түсіндірді 18.01.2015

«Дрңғалақты көлік құралдары қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық регламентіне сай, ЕАЭО біріңғай аумағындағы пайдалануда жүрген доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздік мәселесі көлік құралдарын техникалық қарау туралы ұлттық заңнамамен реттеледі», - делінген хабарламада.

«Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай Қазақстан Республикасы аумағына кіргізілетін бұрын пайдаланылған көлік құралдарын пайдалану мен оны құзіретті органға тіркеудің басты шарты Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық келісімдер талаптарына сай берілген көлік құралдарын техникалық қараудың күшіне енген сертификаты болып табылады.

ҚР ІІМ-нің «Көлік құралының идентификациялық нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу мен есептеудің бекітілген ережесі туралы» бұйрығымен көлік құралын пайдаланудағы алғашқы тіркеу кезіндегі көлік құралы құрастыруының қауіпсіздігі туралы көлік құралы иесінің куәлігін беру тураоы талаптар ескерілген.

Сонымен қатар куәлікті рәсімдеу кезінде көлік құралдары қауіпсіздігі бойынша талаптарды орындау тексеріледі. 


Back to the list