15.01.2015
«Дағдарыстың көрінісі еліміздің экспорттық тауарларының, әсіресе соңғы жарты жылда құны барреліне 50 доллардан түсіп кеткен мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Ел бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті және қара металлургия өнімдерінің де бағасы төмендеді. Сонымен қатар, Украинадағы ахуал және соған байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдің қазіргі жағдайы ықпал етіп отыр. Сондықтан біз ахуалды бақылап отыруға және тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл соңында Үкіметке оқиғаның түрліше нұсқада өрбуінің сценарийлерін әзірлеуді тапсырғанын, ондағы басты міндет экономиканың өсім қарқынын төмендетпеу және негізгі әлеуметтік төлемдерді сақтау екенін еске салды.