• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда әйелдерді инфрақұрылымдық жобаларға тарту жалғасын табады – Г.Әбдіхалықова 15.01.2015

Мемлекеттік хатшы Инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым дамуының өзара тығыз қарым-қатынасының аса маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді тарту жұмыстары қарқынды атқарылуы керек деді ол.

Сондай-ақ, кездесу қатысушылары Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру барысында мемлекеттің әлеуметтік-гуманитарлық даму мәселелерін де талқылады.

Аталған кездесу барысында Гүлшара Әбдіхалықова қос тараптың өзара түсіністік пен серіктестіктің жоғары деңгейде екенін атап, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процетерге ерекше үлесін қосып отырғандығын тілге тиек етті.


Back to the list