15.01.2015
«ҰКП есептеулері бойынша, Карта жобаларының ЖІӨ өсуіне қосқан үлесі 2010 жылы 7,3% мөлшеріндегі нақты өсімде 0,5 пайыздық тармақты құрады, 2011 жылы - 7,5% мөлшеріндегі нақты өсімде 1,7 пайыздық тармақ, 2012 жылы - 5% мөлшеріндегі нақты өсімде 1,3 пайыздық тармақ, 2013 жылы 6% мөлшеріндегі нақты өсімде 0,8 пайыздық тармақ. Сонымен қатар, 2020 жылға дейінгі аралық үшін Карта жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде орын алатын әсер үлесі ЖІӨ-нің 5-6,4% мөлшеріндегі өсімінде 1,2-1,8 пайыздық тармақ мөлшерінде болады деп болжанып отыр», - делінген хабарламада.
ҮИИД МБ бағдарламасының бірінші бесжылдығында Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн теңге мөлшеріндегі жеке инвестицияға 1042 жобаның 770-і жүзеге асырылды, 75 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.
2015-2019 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ-2) ҚР Президентінің 2014 жылғы 1 тамыз күнгі №874 Жарлығымен бекітілгені белгілі.
Осы жылы ИИДМБ-2 бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2015 жылы жалпы 200,7 млрд тенге қарастырылса, оның 54,7 млрд тенгесі Республикалық бюджеттен, 146 млрд тенгесі ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін болады.