• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Бас прокуратура ҚК пен ҚПК енгізілген өзгерістерді түсіндірді 06.01.2015

«Мәселен, жаңа  Қылмыстық-процесуалды кодексте біз қылмыстық істі қозғау сатысынан бас тарттық. Жаңа қылмыстық процесте сотқа дейінгі өндірістің басталуы, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың немесе алғашқы кезек күттірмейтін тергеу амалының тіркеуі болып есептеледі», - деді Ә.Аманбаев.

Бұдан басқа, барлық арыздар мен хабарламаларды тіркеу үшін бірыңғай электрондық сотқа дейінгі тергеу тізілімі құрылды. «Негізсіз қылмыстық қудалаудан азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында тіркеу алдында арыз иелері міндетті түрде жалған жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі, жаңа Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілік елеулі нығайтылған (10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға). Бұл ретте, иесі бүркемеленген өтініштер мен хабарламалар тіркелмейді», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Америкалық «Миранда ережесіне» тектес тұлғаны ұстау барысында оған қорғаушыға, ештеңе айтпауға және айтылғанның барлығы өзіне қарсы сотта қолданылуы мүмкін екендігі туралы ауызша түсіндірме беруді міндеттеу енгізілуде.

Процесті үнемдеу мақсатында тергеу органының айып тағуы алып тасталынып, «айыптау қорытындысы» секілді үлкен процестік құжат Еуропа елдеріндегі қысқаша айыптау актісіне ауыстырылды. Онда күдікті туралы мәліметтер, оқиғаның қысқаша мазмұны, дәрежелеу, дәлелдемелерді құрайтын құжаттар тізімі және процессуалдық шығындар болады. Аталған актіні прокурор бекіткеннен кейін тұлға айыпталушы болып табылады.

Қылмыстық іс аясындағы жедел шаралардың мақсаты қылмысты ашу үшін дәлелдемелерді жинақтау және кінәлі тұлғаларды әшкерелеу болып табылатын болғандықтан «жасырын тергеу әрекеттері» санатына көшірілді.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясатының тұжырымдамасында негізгі жұмыстардың бағыттары белгіленген, осыған сәйкес сотқа дейінгі сатыда және сот инстанцияларында істерді қарауды жеделдету және жеңілдету жұмыстары әрі-қарай жалғастырылатын болады.

Камила Амирова


Back to the list