• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттерді бөлу Қазақстандағы әкімшілік реформаның басым бағыттарының бірі болады – ҰЭМ 18.12.2014

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстандағы биліктің орталық деңгейі шолуы мемлекеттік басқару бойынша ЭЫДҰ комитеті қызметі аясында орындалған елдік шолу болып табылады.

Биліктің орталық деңгейіне шолудың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиімді және заманауи мемлекеттік секторды дамытудағы алдағы жетістіктерге жету мен мемлекеттік басқару сапасын арттыруда қолдау көрсету болып табылады.  

«Кәсіби және ықшам мемлекеттік аппаратқа ие мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру жолы ретінде Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемнің ең алдыңғы қатарлы 30 елінің құрамына енуге бастайтын 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын атады», - дейді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова.  

Оның айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік басқару моделін таңдау үшін Канада, Австрия, Жаңа Зеландия мен Сингапур секілді түрлі индекстермен алдыңғы қатарлы мемлекеттер анықталған.

«ЭЫДҰ елдерінің талаптарына сай болу үшін есептілік, ашықтық, қағазбастылықтан аулақ, сонымен қатар жемқорлықтан қашық қағидалардағы мемлекеттік өз міндеттерін тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған институциялдық реформа жүргізуді талап етеді», - дейді М.Әбілқасымова.

ҚР Үкіметі басты назарға алынатын әкімшілік реформаның басты бағыты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттерді бөлудің бірыңғай және нақты талаптарын дайындай отырып ары қарай құзіреттерді бөлу болмақ. Сонымен қатар қызметтерді тиімді пайдалану, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, пайдасыз және көмекші қызметтерді қысқартуға арналған мемлекеттік басқару деңгейлерін оңтайландыру да назарға алынады. 


Back to the list