• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ә.Бәйменов: Қазақстан мемқызметінің жаңа моделі Париждегі ЭЫДҰ Еуразиялық апталығында ескерілді 08.12.2014

«Хабтың одан әрі ынтымақтастық жүргізуінің қызметі мен мүмкіндігі Париждегі ЭЫДҰ Еуразиялық апталығында белгіленді. 10 күн бұрын Парижде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған жемқорлыққа қарсы жүйе отырысында Қазақстан мемқызметінің жаңа моделі аталды. Оның ішінде жемқорлыққа қарсы саласы белгіленді», - деді ол.

Айта кетерлігі, Астананың хаб орталығы болып таңдалуы Қазақстанның мемлекеттік қызметте реформа жүргізу көшбасшылығына байланысты. «Астанада хабтың құрылуы Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласында реформалар жасау бойынша  көшбасшылық  таныту аясында орын алды. Осы деңгейдің расталуын БҰҰ арнайы сыйлығының берілуі көрсетті. Ол Вашингтонда 21 қарашада ұсынылған болатын», - деді ол.

Ә.Бәйменовтың айтуынша, өңірлік хаб елдер Үкіметінің ұсынысына жауап беретін болады.

«Қыркүйекте ҚР Үкімет мен БҰҰ ДБ  бекітілген құжат жаңа мүмкіндік қана беріп қана қоймай, хаб қатысушыларына жаңа ынтымақтастық орнатцуға серпін берді», - деді ол. 

Индира Қауметова 


Back to the list