05.12.2014
«Өздеріңізге де мәлім, 2015 жылдан бастап біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс жасай бастаймыз, Қазақстанның ДСҰ-на енуі бойынша келіссөздерді аяқтап жатырмыз. Бұл интеграциялық үдерістер жаңа өндірістер құру, өткізу нарықтарын кеңейту, тауарлар транзитінің жаңа жолдарын анықтауға қатысты үлкен мүмкіндіктер ашады», - деді К.Мәсімов.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің пікірінше, бұл аталған нарықтарда бәсекелестіктің жоғары деңгейі барын көрсетеді, бұл өндірістерді жетілдіруге, сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті өнімді тек қана сапа бойынша емес, және бағасы бойынша тұрақты дайындықты қажет етеді.
«Сондықтан, мемлекет кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне көп назар аударады, қолдаудың түрлі шараларын көрсетеді. олар республикада дұрыс бизнесті дамытуға көмектеседі», - деп баса айтты Кәрім Мәсімов.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы 2001 жылдан бері өткізіліп келеді, байқау жұмысы барысында оған 5000-нан астам кәсіпорын қатысты.