20.11.2014
«Нұр Отан» партиясының хабарлауынша, Меморандумға партия хатшысы Құмар Ақсақалов пен «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев қол қойды.
Кездесу барысында құқықтық мәдениетті арттыруға, халық арасында құқықтық ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мен партияның қоғамдық қабылдауына келген азаматтарға құқықтық қызмет көрсету мен түрлі шаралар өткізуге бағытталған қолданыстағы заңнама, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстар дайындау мәселесі талқыланды.
«Меморгандардың қоғам алдында тазалығын қалыптастыру үшін біз «Қоғамдық бақылау туралы», «Ақпаратқа жол ашу» заңдардың қабылдануына әсер етеміз. Ол азаматтық қоғам жағынан қоғамдық бақылауды күшейте түседі», - деді «Нұр Отан» партиясының хатшылығы К.Ақсақалов.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, Қазақстанның заңгерлер одағы «Нұр Отан» партиясымен бірігіп аймақтық және өңірлік қоғамдық орындарда қабылдау өткізеді.