11.11.2014
«Ең алдымен айтарым, Партияның, Мәжілістегі фракция мен Үкіметтің үйлесімді жұмысы оң нәтижесін беруде. Партияның сөзі ісімен сәйкес келіп жатыр. Осы 2,5 жарым жыл ішінде біз 2017 жылға дейінгі міндеттердің 70 пайызын орындадық. Біз кедейлік деңгейін 6 пайыздан азайту керекпіз деген едік. Қазір ол екі есеге азайып, үш пайызды құрап отыр. Бес жылда жұмыссыздық деңгейін 4-5 пайызға жеткізу керекпіз дедік. Осы 2,5 жарым жыл ішінде ол 5 пайыз деңгейіне төмендеді», - деді Мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстанның экономикалық қуаты Орта Азия елдерінің жалпы экономиксының екі есесін құрайды. Елбасы атап өткендей, ЖІӨ жан басына шаққанда 13,5 мың долларды құрайды. Бұл шығыс-еуропалық елдер: Түркия, Малайзия, Бразилия көрсеткішіне тең.
«Ұлттық қордың алтын валюта қорында 105 млрд АҚШ доллары бар. Экономиканың жаңа бағыттары дамуда: машина жасау, вагон өндіру, локомотив құрастыру, электр техникасын шығару, авиациялық техника өндіру. Бұл нұротандықтар мен қазақстандықтардың бірлесе атқарған жұмысы», - деді Елбасы.
Камила Амирова