11.11.2014
«Осы жолғы күн тәртібінде «Нұр Отан» Қазақстан. 2017 жылғы мақсат. Ұлттық шаралар жоспары» платформасының жүзеге асуы қарастырылады. Біріншіден, біздің 2017 жылға дейін қабылдаған платформамыз бар. 2017 жыл әлі болған жоқ, дегенменен осы жылдардың арасында не істедік, қандай кемшіліктер бар, болашақта не істеуіміз керек, сол жөнінен бүгін саяси кеңестің отырысын өткіземіз», - деп толықтырды өз ойын Елбасы.
« «Нұр Отан» елдің ағысында біте қайнап, халықтың мүдделерін жеткізіп жүрген қоғамдық ұжым болып саналады. Нағыз халықтық партия екенін көрсеткенін жылда көріп отырмыз», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы партияның жүйелігі алдын ала жоспардың жүзеге асуында «Нұр Отан» партиясының ұзақмерзімді саяси көшбасшылығының негізгі элементі екенін атап өтті.
Айта кетейік, отырыс барысында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасы міндеттерінің орындалуы мәселесі, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын қарастыру жоспарланған.
Камила Амирова