11.11.2014
Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасы міндеттерінің орындалуы мәселесі, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын қарастыру жоспарланған.
Келелі кеңеске 200-дей адам қатысуда. Оладың ішінде Үкіметтің, Парламенттің, Президент Әкімшілігінің басшылығы, «Нұр Отанның» Мәжілістегі Фракциясының депутаттары, Жоғарғы Соттың, Ұлттық Банктің, Есеп комитетінің төрағалары, Бас прокурор, министрлер, облыстық филиалдардың басшылары - облыс әкімдері, сонымен қатар партияның облыстық мәслихаттардағы фракцияларының депутаттары бар.
Партияның Саяси кеңесі - бұл партия Төрағасы немесе Саяси кеңес Бюросы қажеттілікке орай съездер аралығында шақыратын партияның жоғары өкілді органы. Саяси кеңес шешімі оған қатысушы мүшелердің басым даусымен қабылданады.