06.11.2014
«Қазіргі таңда біздің заңнама декларативті сипатта жұмыс істеуде. Азаматтық кодекске «исламдық қаржыландыру» деген термин енді, бұдан басқа ешбір жерде аталмыш ұғым қарастырылмаған. Негізгі мәселелер, соның ішінде салықтық, операциялық құралдар қарастырылмаған, сол себепті, менің ойымша, келер жылдың ортасына қарай жаңа заңды жетілдіріп шығарамыз. Бұл жалпы индустрияның дамуына ерекше серпін береді деп күтілуде», - дейді.
Сонымен қатар, оның айтуынша, жаңа заңда үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік беретін институцияналдық негіз нақты көрсетілетін болады.
«Басты міндет тиімді жұмыс істеуге жол ашатын сапалы заң шығару. Қазіргі таңда Парламентте 3 пакет қарастырылуда. Бірінші пакетті қабылдағанда қиыншылықтар туындап, кейін сақтандыруды дамытуға деген қажеттілік туындады. Бұл заң жобасы әлі де жүйелі сипат бере алмайды. Енді жаңа заңды шығара отырып барлық операциялық құралдар мен салық режимін қарастыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша дамуға жаңа институциялық негіз қалыптастырып, қордың секторына жаңаша серпін бермекпіз», - дейді Е. Байдаулет.
Индира Қауметова