06.11.2014
«Форумға Қытай, Түркия, Ресей және басқа да елдерден келген шетелдік қатысушылар өз хаттарында Қазақстан Президентінің тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елді дамытудағы маңызды рөлін атап өткен», - делінген хабарламада.
«Республика Сіздің басшылығыңызбен саяси және экономикалық әлеуетін біртіндеп ұлғайта отырып, қуатты, қарқынды, әлемдік және өңірлік саясатта көрнекті орынды иеленген мемлекетке айналды», – деп жазады авторлар.
Пленумға қатысушылар сондай-ақ Қазақстанның алға қойған барлық мақсаттарға жете алатынына сенім білдіріп, ел астанасының табысты өркендеп келе жатқанына назар аударды.
«Астана республиканың экономикалық, саяси және мәдени орталығына, ауқымды халықаралық іс-шаралар өтетін орынға айналды. Ірі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін орын ретінде Астананың таңдалуы Қазақстанның әлемдік аренадағы жоғары беделінің айғағы болып саналады, – делінген хатта.
Соңында авторлар тарихи жадыны сақтау, ұлттық құндылықтарды келісім мен сенім рухында қалыптастыру саяси тұрақтылықтың негізі болып отырғанын атап өткен.