• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«ҚР Стандартизация туралы» жаңа заңының тұжырымдамалық әдісі 2015 жылы белгілі болады 03.11.2014

«Бәсекеге қабілетті сапалы өнімге бағытталған стандарттау жүйесін одан ары дамыту мақсатында 2015 жылы «ҚР Стандарттау туралы» жаңа заңының тұжырымдымалық әдісі анықталады», - деді  Б. Қанешев.

Салалық комитеттің басшысы атап өткендей, Мәжілісте қаралып жатқан кәсіпкерлік қызмет туралы заң жобасына шағын және орта бизнесті дамытуға, метрологиялық процестерді жеңілдетуге, әкімшілік кедергілерді алып тастауға бағытталған кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымша енгізуді ұсынылуда.

«Сәйкестікті бағалау саласында заңнамада ережені бұзғаны үшін нарық субъектілерінің жауапкершілігін арттыру керек. Біз нарыққа қатысуышлардың жауапкершілігін енгізуді ұсынамыз»,- деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Кедендік одақтың талаптарын орындау мақсатында «Техникалық реттеу туралы» заңжобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

Бұдан басқа, тіркеу бойынша бірыңғай ақпараттық жүйені құру мақсатынды инвестициялық ұсыныс жасалды. «Біз ақпараттық жүйемізді біріктіргіміз келеді және осылайша жұмысты жеңілдетеміз», - деп комитет башысы түсіндірді.

Камила Амирова


Back to the list