01.11.2014
Хабарламада айтылғандай, шара қылмыстық сот өндірісі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мен қылмыстық жазаны атқыру жүйесін жетілдірудің жаңа моделіне өту әрекеттерінің Ел Президенті тарапынан бекітілген біріңғай мемлекеттік жоспарын іске асыру аясында қолға алынуда.
Комитеттің хабарлауынша, семинарды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің оқыту-әдістемелік орталығы мемлекеттік табыс органдарының ішкі қауіпсіздігі бөлімшелері мен жедел іздестіру бөлімшелері қызметкерлеріне арнап ұйымдастырып отыр.
«Семинар барысында қылмыстық, қылмыстық-процессуалды, қылмыстық-атқыру кодекстері мен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің жаңа моделіне өту ерекшеліктері айтылады», - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай курстардың өткізілуі әкімшілік және қылмыстық-атқару заңнамасын реформалау шарттарына құқықтық жүйенің тиімді қызметін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар мен ұсыныстар дайындаудың жаңа құқықтық актілерін қабылдауға мүмкіндік береді.