25.10.2014
««Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған биылғы форум жұмысына бірқатар шетел мемлекеттерінің басшылары және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады», - делінген хабарламада.
Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы – Ислам Конференциясы ұйымына мүше-мемлекеттердің жыл сайын өтетін негізгі экономикалық саммиті.