• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ә.Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалды 22.10.2014

«Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Нығметұлы Ахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.Мемлекет Басшысының Өкімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

«Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы  болып тағайындалды», - делінген хабарламада. 


Back to the list