16.10.2014
Аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және оның тиісті орынбасары белгілеген ағымдағы және перспективалық мiндеттердi негiзге ала отырып, өз қызметiн жоспарлауға;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Институт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен жұмыс істейді», - делінген хабарламада.