• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді 08.10.2014

Барлығы 48 депутат сайланатын болады: Алматы қаласы  мәслихатының 2 депутаты, облыстық мәслихаттардың 2 депутаты, қалалық мәслихаттардың 13 депутаты және аудандық мәслихаттардың 31 депутаты сайланады. 

Барлығы 150 кандидат тіркелді. Олардың 111-і (74 %) – ер адамдар және 39-ы (26 %) – әйел адамдар. 

Тіркелген кандидаттардың ішінде 7 ұлттың өкілі бар. Орташа жасы – 42 жас. 

Кандидаттардың 51,3 % -ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 31,3 %-ы – коммерциялық құрылымдарда қызмет жасайды, 7,3 %-ы саяси партиялар мен ҮЕҰ-ның қызметкерлері, 10 %-ы басқа да жұмыс топтарының өкілдері. 

Қазіргі уақытта күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды, ол 24 қазан 24 сағатта аяқталады. Сайлау өтетін күннің алдындағы күні және дауыс беру күні сайлауалды үгітке тыйым салынады. 


Back to the list