16.09.2014
«Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың жалғыз жолы бар. Ол – мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыстар. Оның өзінде аталмыш тапсырыстың тақырыбы мен бағытын орталық және жергілікті атқарушы органдар белгілейді. ҮЕҰ дамуына мүлде қаржы бөлінбейді», - дейді Н.Ерімбетов.
Аталмыш заң бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың бүгінгі таңдағы жалғыз жолы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардан бөлек гранттық қаржыландыру мен бюджет қаражаты есебінен сыйақы тағайындау қарастырылмақ.
Оның айтуынша, Азаматтық Алянстың Парламентке ұсынып отырған заң жобасы халықаралық тәжірибелерге сай дайындалған.
«Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұсынған гранттық қаржыландыру тетігі халықаралық және шетелдік гранттарды бөлу тәжірибесін қамтиды. Заң жобасында ҮЕҰ тарапынан әзірленген әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін бюджеттік қаражатты бөлу көзделген. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға деген тәуелділікті азайту мақсатында гранттық қаржыландыру көздері де қарастырылған», - дейді.
Бауыржан Мұқанов