• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде  комитет төрағалары тағайындалды 21.08.2014

Сонымен, төраға болып тағайындалғандар:

1.Аэроғарыш комитетіне – Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы;

2. Автомобиль комитетіне – Пішембаев Мереке Құдайбергенұлы;

3.Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне – Сәрсенов Сәкен Сейтжапарұлы;

4. Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне – Ержанов Аманияз Қасымұлы;

5. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне – Нұрабаев Базарбай Қанайұлы;

6.Техникалық реттеу және метрология комитетіне – Қанешев Біржан Бисекенұлы;

7. Көлік комитетіне – Асаубаев Әсет Асанұлы;

8. Азаматтық авиация комитетіне – Сейдахметов Бекен Қанелұлы;

9. Инвестиция комитетіне – Хаиров Ерлан Қартайұлы.

Айта кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің құзыретіне еліміздің индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері кіреді. Соның ішінде, өнеркәсіп салаларын дамыту мен инвестицияларды тарту, қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыру, техникалық реттеу (ИЖТМ-нен); көлік және коммуникациялар (ККМ-нен); өнеркәсіп қауіпсіздік (ТЖМ-нен); байланыс, ақпарат және ақпараттандыру (БАА-нен); ғарыш саласын дамыту (Ұлттық ғарыш агенттігінен) функциялары қосылды.


Back to the list