• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Назарбаев ҚАК мен ӘҚ туралы кодекске және заңнамаға тиісті түзетулерге қол қойды 05.07.2014

Мемлекет басшысы жаңа Қылмыстық және қылмыстық-процессуалды кодекстермен сәйкестендіруге бағытталған және қылмыстық-атқару қызметі саласындағы реттеулерді жетілдіретін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қол қойды.

Хабарламада айтылғандай, Н.Назарбаев әкімшілік-деликтті заңнаманы жаңарту мен жаңғыртуға және заңға қайшы әрекеттерден азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды.  

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол ел заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодексімен сәйкестендіруге бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

                                                                                                                                               


Back to the list