• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысы өтті 01.05.2014

Ақордада хабарлағандай, отырысқа ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалармен марапаттау жұмысының жай-күйі, «Еңбек ардагері» медалінің құқықтық мәртебесін бекіту, сондай-ақ ведомстволық наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Отырыс қорытындысында нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия Мемлекет басшысының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығымен құрылған. Оның құрамына Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, өзге мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және кәсіби мамандар кіреді.

Комиссияның негізгі міндеті – ведомстволық наградалардың нормативтік құқықтық актілерін және олардың геральдикалық сипаттамаларын жетілдіру.


Back to the list